19:11, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
Алматыдағы «Прайм-Плаза» сауда орталығының директоры А.Нұрсейітов кінәлі деп танылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Әуезов аудандық сотының судьясы Марат Елемесов «Прайм-Плаза» сауда ойын-сауық орталығының директоры Ақан Нұсрейітовты кінәлі деп тапты.
«А.Нұрсейітовті ҚР ҚК 232-бабы бойынша (өз міндеттеріне адал қарамау) кінәлі деп тауып, жаза ретінде айыпталушыға 1000 АЕК көлемінде (1 852 000 теңге) айыппұл салу туралы үкім шығарамын», - деді судья. Белгілі болғандай, сот отырысна куәгер ретінде шақырылған әнші Қайрат Нұртас пен ивент-менеджер Алина Хабибуллина сотқа келмеді. Судья осы жағдайға байланысты шара қолданылатынын ескертіп өтті.