Алматыдағы сауда ойын-сауық орталығынан жарылғыш зат табылмады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы сауда ойын-сауық орталығында жарылғыш заттың қойылғаны туралы ақпараттың жалған болып шыққанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Forum» сауда орталығындағы тексеріс 18:10-да аяқталды. Ақпарат жалған болып шықты. Жалған хабар берген адам анықталып жатыр, ол жауапқа тартылады», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Еске салайық, Алматыда сауда-ойын-сауық орталығының қызметкерлері мен келушілері жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарға байланысты эвакуацияланды. Қалалық полиция департаменті жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарларға алғашқы ден қою шаралары шеңберінде төтенше және жедел қызметтері Бостандық ауданындағы «Forum» сауда орталығында тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар