Алматыдағы сел тасқыны салдарынан 600-ге жуық адам қауіпсіз аймаққа көшірілді - Қ.Қашқынбаев (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қарғалы өзенінде болған сел тасқыны салдарынан 600-дей адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Наурызбай ауданының әкімі Қуанышбек Қашқынбаев мәлім етті.

«Қазіргі сәтте 600-дей адам көшірілді. Олар нөмірі №176 мектепте орналасқан эвакуациялық пунктке жайғастырылды. Ыстық тамақпен, сумен қамтамасыз етілді», - деді аудан әкімі.

Сонымен қатар ол сел тасқынынан келген шығынның әлі есептелмегенін жеткізді.

«Сел тасқыны кезінде Қарғалы өзенінің су деңгейі 5-6 метрге дейін көтерілген болатын. Қазір су деңгейі қалпына келді. Бірақ әлі де түсуі керек. Сол кезде үйлерді аралап, түгендеу жұмыстарын жүргізетін боламыз», - деді Қ.Қашқынбаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram