Алматыдағы сейсмологиялық станция: Қытайда жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 4 шілде күні Алматы уақытымен 23 сағат 00 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: Anadolu Agency

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 267 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,6, магнитудасы – 5,0.

Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар