10:46, 03 Шілде 2021 | GMT +5
Алматыдағы Түрксіб ауданында бірнеше ғимаратта ыстық су беру тоқтатылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, 2021 жылдың 7-16 маусым аралығында Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су тоқтатылады.
«Жұлдыз-2» шағынауданында ыстық су шектеледі:
– Рихарда Зорге – Молдағалиев – Чехов – Ақан Сері; – Лавренева – Дөнентаев.
Компанияның мәліметінше, шектеулер қазандықтардағы су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстарына байланысты енгізілген.
«Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарламасында.