Алматыдағы заңгер әйелдің өліміне күйеуі қатысты болуы мүмкін

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Адвокат әйелді өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаменті осы аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен марқұмның бұрынғы жұбайы – 1974 жылы туған Н. іздеуде екендігін растады.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында», - деп хабарлады полициядан.

Еске салайық, қылмыс 8 қазан күні сағат 23:00 шамасында қаланың Алмалы ауданында жасалған.

Адвокат Айман Асанова 12 қазанға қараған түні ауруханада қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар