Алматыдағы зардап шеккендерге Павлодардан 70 литр қан жөнелтілді
«Жаңа жыл қарсаңында және одан кейін Павлодар филиалы (Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы) облыстық қан орталығына донорларды тарту бойынша үлкен ақпараттық жұмыс жүргізді. Елдегі соңғы оқиғаларға байланысты донорлар саны көп болды, адамдар өз еркімен келіп қан тапсырды», - деді ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының Павлодар облыстық филиалының басшысы Гүлнар Исақанова.
Оның айтуынша, қалалық мәслихат депутаттары, Павлодар мұнай-химия
зауыты, ҚТЖ және қарапайым тұрғындар қан тапсырған. Барлығы 150-ден астам донор келген.
Павлодар облысынан Алматыға көмекке Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілері 70 литр қан тапсырды. Донорлар осы күндері қан орталығында тұрған Қызыл Жарты Ай қоғамының әлеуметтік акциясын қолдап, қайырымдылық жәшіктеріне ақша жинады.