Алматыдағы жаңа Наурызбай ауданында әлеуметтік нысандар бой көтереді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жаңадан ашылған Наурызбай ауданының әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарын аралады.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қала әкімі жаңа аудандағы ескі үйлерді, екі дәрігерлік амбулатория мен екі мектепті аралап шықты.

Осы сапар барысында көптеген нысандарға жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі анықталды. Кейбірінде тіпті су және кәріз жүйелерінің тартылмағандығын айта өткен жөн. Сондықтан қазір аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында екі су ұңғымасын бұрғылау жұмыстары қолға алынды.

Ахметжан Есімов жауапты тұлғаларға, әсіресе әлеуметтік нысандардың құрылысына ерекше мән беру керектігін жеткізді. Сол үшін де қала басшысы оларға Наурызбай ауданының Бас жоспарын, сондай-ақ бір емхана, үш балалар бақшасы мен үш мектеп құрылысының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуді және қаланың бейінді басқармаларына ауданның негізгі көшелерін қайта жөндеу және ұзарту, су ағатын арық желілерін салу, абаттандыру және көшелерді жарықтандыру бойынша жаңа жобалар әзірлеуді тапсырды.

Естеріңзге сала кетейік, осыдан он күн бұрын, 16 тамызда Қалалық кеңесте, Алматының батыс жағындағы Наурызбай ауданында 153 гектер жерге жаңа тұрғын үй ауданын салу жобасы мақұлданған болатын. Мұнда енді көп ұзамай әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер, әлеуметтік, спорттық және сауда нысандары бой көтереді.

Соңғы жаңалықтар