Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Аман қалған актриса ауруханадан шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Абай және Сейфуллин даңғылдарының қиылысында үш адамның өмірі қиылған жол апатында аман қалған жалғыз жолаушы ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жантүршігерлік жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиева ауруханадан 1 ақпанда шыққан.

«Пациенттің денсаулығы жақсарып келеді, жағдайы қанағаттанарлық. Сондықтан ол амбулаторлық емделуге жіберілді», - деді басқармада.

Бұған дейін Алматыда жол апатынан танымал актриса Шолпан Елгезек пен тағы екі кісі көз жұмғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, жүргізушінің кінәсі дәлелденді.

Автор: Майя Тенизбаева

Соңғы жаңалықтар