Алматыдағы жантүршігерлік жол апатының видеосы желіде таралды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ауыр жүк көлігі жылдамдықпен жүйткіп келіп, көліктерді, трансформаторды, аялдаманы сүріп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде таралды.
Видеода жүк көлігі Науаи көшесімен жүйткіп келе жатып, жол жолында тұрған трансформатор мен бірнеше көлікті қағып кетті. Қатты соққыдан жүк көлігі бірнеше бөлшекке шашылып қалды. Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігінің тежегіші ұстамай қалған.
«Ол Науаи көшесімен төмен түсіп келе жатып, аялдаманы қағып, бірнеше көлікті, трансформаторды сүйреп кетті. Одан ары коттедждер жаққа барып шашылып қалды»,- деді куәгерлер.
Қалалық ПД жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.