Алматыдағы жарылыс: «РГД-5» гранатасы мүгедектің қолында жарылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кеше, 19 наурызда кешке Алматыдағы «Орбита» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде жарылыс болғанын бұдан бұрын хабарлаған едік. Полиция деректеріне қарағанда, бұған үйдегі «РГД-5» қол гранатасының жарылуы себеп болған. Бұл туралы қаланың ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Граната марқұмның қолында жарылған. Ол 2002 жылы пышаққа түсіп, салдарынан тірек-қимыл жүйесі зақымданып, 1 топтағы мүгедек атанған екен. Оқиға орнында одан басқа анасы мен тағы бір туысы болған. Олар дін аман. Баспананың өзіне де ешқандай залал келген жоқ. Ал 1986 жылғы азамат алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Гранатаның қайдан пайда болғаны анықталуда

Соңғы жаңалықтар