Алматыдағы жекеменшік тұрғын үйде бес адам иіс тиіп уланды, ішінде екі бала бар

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Алатау ауданындағы жекеменшік тұрғын үйде 10 қазан күні сағат 05:50-де қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан бес адамға иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді.
None
None

Зардап шеккендердің арасында 26 жастағы жігіт пен 25 және 29 жастағы екі әйел, сондай-ақ сегіз және екі жасар екі бала болды.

 Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Соңғы жаңалықтар