Алматыдағы жол апатынан мопед жолаушысы мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда болған жол-көлік апатынан мопед жолаушысы мерт болды, деп хабарлайды patrul.kz.

Алматыдағы жол апатынан мопед жолаушысы мерт болды

Оқиға 2 шілде күні болды. «Ford» маркілі автокөлігі Сүйінбай көшесінің бойымен солтүстікке қарай кетіп бара жатқан. Бекмаханов көшесіне жетпей жаяу жүргіншіге жол беру үшін тоқтаған көлікті артын жағынан мопед келіп соғады.

«Қатты соққыдан екі дөңгелекті көлік Ford-тан ұшып өтіп, тротуарға құлады. Мопедтің артқы орындығында отырған қыз басымен жолдың жиегіне соғылып, оқиға орнында жан тапсырды. Ал жүргізушісі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.