Алматыдан 107 шақырымда жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 2017 жылдың 30 мамыр күні 11 сағат 40 минутта 48 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Алматыдан 107 шақырымда жер сілкінді

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 107 шақырым қашықтықта, Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.0.  Тербелісі - 4.7. Зілзала ошағының бағыты 42.85 с.б. 78.14 ш.е. Тереңдігі 0-5 км. Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді», - делінген хабарламада.