Алматыдан 141 шақырым қашықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 18 сәуірде Алматы уақыты бойынша 17 сағат 24 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 141 шақырым қашықта жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 141 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.6. MPV магнитудасы – 4.4. Тереңдігі – 20 шақырым. Жер дүмпуі Қазақстан аумағында сезілмеді.