Алматыдан 146 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 27 сәуірде Алматы уақытымен 22 сағат 18 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 146 шақырым қашықтықта жер сілкінді

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 146 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан», - делінген хабарламада.

Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.8. MPV тербелісі - 4.5, ошағының тереңдігі - 5 км.

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.