Алматыдан 157 км қашықтықта жер сілкінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 17 қазан күні Алматы уақытымен 00 сағат 30 минут 47 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 157 км қашықтықта жер сілкінді

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 157 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 8,5. MPV тербелісі – 3,9. Тереңдігі – 15 км.

Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.