Алматыдан 169 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 шілде күні Алматы уақыты бойынша сағат 14:13-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 169 шақырым жерде, Қырғыз елінің аумағында болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 9.6, тербелісі - 4,2. Тереңдігі - 10 шақырым.
Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.