Алматыдан 170 км қашықтықта жер сілкінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 15 сағат 46 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 170 км қашықтықта жер сілкінді
Photo: ekonomigundemi.com.tr

«Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 170 км қашықтықта Қазақстан аумағында жатыр. Энергетикалық класы 7.8. Магнитудасы MPV 3.3. Бағыты 44.06° с.е. 75.17° ш.б. Тереңдігі 20 км. Сезілуі туралы мәліметтер жоқ»,-делінген хабарламада.