Алматыдан 183 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 6 қазан күні Алматы уақытымен 15 сағат 00 минут 25 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 183 шақырым қашықтықта жер сілкінді

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 183 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.7. MPV тербелісі – 4.4. Тереңдігі – 15 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ», - делінген хабарламада.




Фото:aa.com.tr