Алматыдан 187 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 19 қыркүйек күні 09 сағат 01 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 187 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 187 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық класы 8.1.

Магнитудасы 3.7. MPV.

Бағыты 44.73°с.е. 77.89° ш.б.

Тереңдігі - 15 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.