Алматыдан 190 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» стансасы 11 қыркүйек 13 сағат 18 минут 33 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 190 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.9. MPV тербелісі - 5.0. Тереңдігі - 5 шақырым.
Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.