17:23, 30 Сәуір 2013 | GMT +5
Алматыдан 236 шақырым жерде тербелісі 4,7 жер сілкінісі болды
АЛМАТЫ. 30 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалары желісі 2013 жылғы 30 сәуірде Алматы уақытымен 15 сағат 01 минут 53 секундте (Гринвич бойынша 09 сағат 01 минут 53 секунд) жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің кіндігі Қазақстан аумағында Алматыдан шығысқа қарай 236 шақырым жерде болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9. MPV тербелісі 4,7. Зілзала ошағының координаттары солтүстік ендікте 42.56º, шығыс бойлықта 79.66º. Тереңдігі 10 шақырым. Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) мәліметтер жоқ.