Алматыдан 248 км қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 17 желтоқсан күні Алматы уақытымен сағат 13:42-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 248 км қашықтықта жер сілкінді

«Зілзала эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 248 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 9.5. MPV магнитудасы – 4.0. Эпицентр координаттары – 41.19° с.е. 75.61° ш.б. Тереңдігі – 15 км. Сезілуі жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген кезекші оператор хабарламасында.


Фото: assicuraci.it