Алматыдан 251 шақырым жерде тербелісі 4.4 жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 қарашада 5 сағат 28 минут 43 секундта жер сілкінісі тіркелді, оның кіндігі Алматыдан солтүстікке қарай 251 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.4. MPV тербелісі 4.4. Кіндігінің координаттары 45.30° с.е. 78.10° ш.б. Тереңдігі 10 шақырым. Сезілуі (МSК-64 бағанымен) туралы ақпарат жоқ», - деп хабарлады ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі.