Алматыдан 273 км қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «СТӘК» ЖШС-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматыдан 273 км қашықтықта жер сілкінді
Photo: ekonomigundemi.com.tr

«Жер сілкінісі 28 қазан күні Алматы уақытымен 2 сағат 34 минут 52 секундта тіркелді. Зілзаланың энергетикалық класы 9.8. Магнитудасы 4.4»,-делінген хабарламада.






Фото: ekonomigundemi.com.tr