Алматыдан 278 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 11 мамыр күні Алматы уақытымен 21 сағат 20 минут 23 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 278 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.7. Тербелісі - 4.4. Тереңдігі - 15 шақырым.
Жер дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.