15:04, 02 Сәуір 2021 | GMT +5
Алматыдан 280 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2 сәуір күні Алматы уақытымен 13 сағат 36 минут 23 секундта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.7, магнитудасы – 4.2.
Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған.
МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.