10:54, 07 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Алматыдан 290 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша сағат 10.30-да «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 290 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,4, магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 15 шақырым. Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.