21:52, 06 Қаңтар 2021 | GMT +5
Алматыдан 293 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдан 293 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі 6 қаңтарда Алматы уақытымен 20 сағат 8 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 293 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.6. MPV тербелісі - 4.8. Тереңдігі – 10 шақырым.
Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.