Алматыдан 297 шақырым қашықтықты жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

Алматыдан 297 шақырым қашықтықты жер сілкінді

Сейсмологтардың ақпаратына сәйкес жер сілкінісі 12 сәуір күні 16 сағат 41 минут 52 секундта тіркелді. Оның ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 297 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.

Зілзаланың қуаты - 12.5. Тербелісі  - 5.6. Тереңдігі - 5 км.

Екінші жер сілкінісі сағат 14.09-да Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 384 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болды.

Жер дүмпуінің қуаты - 9.5. Тербелісі - 4.2. Тереңдігі - 5 км.