14:50, 19 Маусым 2023 | GMT +5
Алматыдан 305 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен сағат 11:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 305 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 10.4.
MPV магнитудасы – 4.5.
Тереңдігі – 15 шақырым.
Сезілгені туралы ақпарат жоқ.