Алматыдан 306 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 15:57 кезінде Алматыда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдан 306 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 306 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.8 болса, магнитудасы - MPV 4.4, ал тереңдігі - 5 шақырым.