Алматыдан 310 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі 2019 жылдың 8 қаңтарында Алматы уақытымен 12 сағат 37 минут 24 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 310 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.5. MPV тербелісі - 4.3, тереңдігі - 20 шақырым.

Жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар
telegram