Алматыдан 325 шақырым қашықтықта 4.0 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 27 наурызда Алматы уақытымен 8 сағат 37 минут 30 секундта «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісінде жер сілкінісі тіркелді.

Алматыдан 325 шақырым қашықтықта 4.0 балдық жер сілкінісі болды

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 325 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 9.8. Магнитудасы MPV 4.0. Жер сілкінісі ошағының координаттары - 42.39° с.е., 80.72° ш.б. Тереңдігі - 15 шақырым. Сезілгені туралы (МSК-64) ақпарат жоқ», - деп хабарлады СТӘЭ-де.