Алматыдан 325 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 14 қпанда Алматы уақытымен 22 сағат 16 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚаАқпарат.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстігіне қарай 325 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.5. MPV магнитудасы – 4.5. Тереңдігі – 10 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.