Алматыдан 330 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 10 ақпанда Алматы уақытымен 04:40-та жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚаАқпарат.

Алматыдан 330 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 330 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.8.

MPV магнитудасы – 4.4.

Эпицентрдің координаттары – 44.32° с. е. 80.71° ш. б.

Тереңдігі – 20 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, кеше Алматы қаласынан 50 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде Қазақстан аумағында орналасқан.