Алматыдан 335 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 17 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 12 сағат 27 мин 15 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 335 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 335 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.8.

MPV магнитудасы –4.4.

Тереңдігі – 5 шақырым.

Координаттары - 44.43°с.е. 80.72° ш.б.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түспеген.