Алматыдан 336 шақырым қашықтықта тербелісі 4,5 жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 336 шақырым қашықтықта Қытай аумағында тербелісі 4,5 балл жер сілкінді.

Алматыдан 336 шақырым қашықтықта тербелісі 4,5 жер сілкінісі болды

«2016 жылғы 31 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 27 минут 28 секундта (Гринвич бойынша 2016 жылғы 30 қаңтарда 18 сағат 27 минут 28 секундта) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 336 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7. MPV тербелісі 4,5. Жер сілкінісінің ошағы координаттары 40.19° с.е. 76.62° ш.б. Тереңдігі 5 шақырым. Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) мәлімет жоқ», - делінген «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық желісінің хабарламасында.