Алматыдан 336 шақырым жерде тербелісі 4,5 жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 03 сағат 41 минут 07 секундта жер сілкінісі болды, оның кіндігі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 336 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалары желісінің хабарлауынша, жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,6, MPV тербелісі 4.5, кіндігінің координаттары 41.09° с.е. 74.09° ш.б. Тереңдігі 5 шақырым. . Сезілуі (МSК-64 бағаны бойынша) туралы ақпараттар жоқ.