Алматыдан 345 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2 тамыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 5 сағат 47 минут 10 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 345 шақырым қашықтықта жер сілкінді



«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 345 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 11.2. MPV тербелісі – 4.9. Тереңдігі – 5 шақырым», - делінген хабарламада.

Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.