Алматыдан 350 км қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат- «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісінде 2017 жылдың 15 сәуірінде, Алматы уақыты бойынша 01 сағат 22 минут 23 секундта жер сілкінісі тіркелді.

Алматыдан 350 км қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

«Зілзаланың ошағы Алматыдан 350 км аймақта, Қытай территориясында жатыр. Энергетикалық класы - 9.4. Магнитудасы 4,3»,-делінген кезекші оператордың мәліметтерінде.

Бұған қоса, 2017 жылдың 15 сәуірі күні сейсмикалық станциялар желісінде Алматы уақыты бойынша 01 сағат 06 минут 59 секундта Алматыдан 517 км қашықтықта Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді.

Оның энергетикалық класы -9.2. Магнитудасы- 4.3.