11:35, 26 Наурыз 2017 | GMT +6
Алматыдан 350 шақырым жерде 4,1 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдан 350 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында, магнитудасы 4,1 балдық жер сілкінісі болды.
26 наурызда 9 сағат 25 минут 27 секундта «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. Кіндігі Алматының оңтүстік-батысына қарай, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық сыныбы 9.8. Магнитудасы MPV 4.1. Тереңдігі 5 шақырым. Сезілгені туралы ақпарат жоқ.