Алматыдан 350 шақырымдай қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 4 тамызда Алматы уақытымен 19 сағат 27 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 335 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында тіркелді. Зілзаланың энергетикалық санаты - 10.3. MPV тербелісі - 4.4, ошағының тереңдігі - 10 км», делінген хабарламада. Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілген жоқ.