23:29, 16 Мамыр 2021 | GMT +6
Алматыдан 352 шақырым қашықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 мамыр күні 22 сағат 45 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 352 шақырым қашықта, Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10,3. MPV магнитудасы – 4,7. Тереңдігі – 15 шақырым», - делінген хабарламада.
Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.