Алматыдан 354 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 19 қыркүйек күні 18 сағат 06 минут 16 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 354 шақырым қашықтықта жер сілкінді

«Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 354 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында жатыр. Жер сілкінісінің энергетикалық класы- 8.6. Магнитудасы MPV- 3.7. Ошағының бағыты 45.14° с.е. 80.43° ш.б. Тереңдігі – 20 км. Сезілуі туралы дерек жоқ», - делінген хабарламада.





Фото: cnbcfm.com