Алматыдан 359 км қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 9 тамыз, сағат 18.35-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 359 км қашықтықта жер сілкінді
Фото: earninginmotion.com

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 359 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасты.

Тербелістің энергетикалық санаты – 10.1.

MPV магнитудасы –4.2.

Тереңдігі – 15 км.

MSK-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.