Алматыдан 364 км қашықтықта жер сілкінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 364 км қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісі 15 қазан күні Алматы уақытымен 07 сағат 52 минутта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 364 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9. MPV тербелісі – 3,9. Тереңдігі – 25 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.