Алматыдан 369 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 25 тамыз күні Алматы уақыты бойынша 09 сағат 18 минут 36 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 369 шақырым қашықтықта жер сілкінді

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 369 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы - 11.6. MPV тербелісі - 5,2.», - делінген хабарламада.