Алматыдан 372 км қашықтықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 21 қазан күні Алматы уақытымен 07 сағат 39 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 372 км қашықтықтықта жер сілкінді
Фото: earninginmotion.com

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 372 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.8. MPV тербелісі – 4.5. Тереңдігі – 30 км. Эпицентрінің координаттары 42.26° с.е. 81.27° ш.б.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.




Фото: earninginmotion.com